Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Абай облысында «Зиялы қауым» атты бірегей бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарлама «Тәртіп — бәрімізге ортақ іс» қағидасына негізделген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соның аясында жергілікті қауым өкілдері полиция жұмысына белсенді түрде тартылуда. Олар проблемалық аумақтарды тексеру бойынша өз ұсыныстарын білдіреді, құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысады, әлеуметтік бейімсіз адамдармен жұмысқа көмектеседі, бірлескен патрульдеуге қатысады және, маңыздысы, салауатты өмір салтын, оның ішінде ішімдіктен бас тартуды насихаттайды.
Бесқарағай ауданының Бірлік ауылында ақсақалдардың қолдауы мен учаскелік инспекторлардың өзара іс-қимылының нәтижесінде ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тарту жөнінде ортақ шешім қабылдады.
Облыстық ПД мәліметінше, қазірдің өзінде оның нәтижесі байқалуда, ауылда тұрмыстық жанжалдар, құқықбұзушылықтар мен полиция шақыртулары едәуір азайған.
Тұрғындар полицияның серіктесіне айналған кезде бұл біздің жұмысымызды жеңілдетіп қана қоймай, бүкіл жағдайды түбегейлі өзгертеді. Адамдар өз ауылы үшін жауапкершілікті сезініп, оның болашағына ықпал ете бастайды, - деді учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Серіков Айдын.
«Зиялы қауым» бағдарламасы – бұл бір реттік акция емес, ұзақ мерзімді оң өзгерістерге бағытталған жүйелі тәсіл. Бағдарлама аясында ұрпақтар арасындағы жоғалған байланыс қалпына келтірілуде, құқық қорғау органдарына деген сенім артып, дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет қайта оралуда.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд