Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАбай облысы Бородулиха ауданына қарасты Зубаир ауылының тұрғындары маңызды қадамға барды. 400-ден астам тұрғыны бар бұл шағын ауылдың халқы ерікті түрде алкогольден толық бас тарту жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Мұндай шешімді тұрғындар өздері ерікті түрде қабылдаған.
Ауыл мектебінің ғимаратында әкімдік пен полицияның қолдауымен ашық жиын өтті. Жиынға аудан әкімі, полиция бөлімінің орынбасары, белсенділер, ұстаздар, ауыл жастары мен ақсақалдар қатысты.
Жыл сайын халық саны азайып барады, жастар ауылдан кетуде. Егер бүгін қам жасамасақ – ертең бұл жерді, бұл дәстүрді, бұл тіршілікті мұра ететін ешкім қалмайды, – деді бастама көтерушілердің бірі.
Жиын қорытындысы – ауыл халқы бірауыздан алкогольден бас тарту туралы шешім қабылдады. Осы күннен бастап ауыл дүкендерінде алкогольдік өнімдер сатылмайды. Тұрғындар өздеріне қоғамдық міндеттеме алып, трезвый өмір салтын ұстануға, балалары мен немерелеріне үлгі болуға уәде етті.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес