Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылында «Batyr Bolamyn» қорының бастамасы және «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен балаларға арналған шағын спорт кешені ашылды. Бұл кешен шалғай ауылдарда спортты дамытуға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық әкімдігінің мәліметінше, «Batyr Bolamyn» қоры бүгінге дейін 70-тен астам спорт залын ашып, көпбалалы және әлеуметтік осал топтардың балаларына бокс, қазақ күресі, дзюдо, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерімен тегін айналысуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіп, ауыл балаларына дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасады.
Спорт кешенінің ашылуына «Batyr Bolamyn» қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Молдашев және ауыл тұрғындары қатысты. Шарада қор басшылығына көрсеткен қолдауы үшін дәстүр бойынша шапан жабылып, алғыс білдірілді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар