Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАбай облысында қазақтың көрнекті әншісі және сазгері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығына арналған «Сәби болғым келеді» республикалық ән байқау-фестивалінің гала-концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, екі күнге созылған байқауға еліміздің әр өңірінен 24 талантты орындаушы қатысты.
Қатысушылардың өнер көрсету нәтижесі бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады. Бас жүлде – Гран-приді астаналық Айбат Серікхан жеңіп алды. Бірінші орын Қарағанды облысынан келген Нұрболат Ұзақбайға, екінші орын Ақмола облысынан Өмірзақ Шешханұлына, үшінші орын Алматы облысынан Ұлжан Әбілхасимоваға бұйырды, - делінген мәліметте.
Байқаудың дипломанттары Абай облысынан Сәулет Аманғазин, Ақмола облысынан Диана Алтайқызы, Абай облысынан Тұрсынғазы Досхан және Жамбыл облысынан Дамир Рахимбердиев атанды.
Сондай-ақ шара соңында өнер майталмандары мен Тұрсынғазы Рахымовтың шәкірттері композитордың шығармаларын орындады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар