Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСемей қаласының №2 соты екі қала тұрғынын қаржылық пирамида ұйымдастырып, оған қатысқан 26 азаматқа жалпы сомасы 20 млн теңге залал келтіргені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылғы қыркүйек пен қазан айлары аралығында аталған адамдар Семей қаласындағы компания кеңсесінде кездесулер мен семинарлар өткізген. Олар жаңа қатысушыларды тіркеумен, компания жүйесінде аккаунттар жасаумен және «WhatsApp» мессенджері арқылы үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысқан. Бұл қызмет азаматтарды электронды валютаға инвестиция салу және бонус алу уәделерімен жүйеге тартуға бағытталған.
Сот үкімімен кінәлілердің біріне 4 жыл, екіншісіне 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, екеуіне де 2 жылға қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы берілді. Залалдың бір бөлігі өтелді. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.
Үкім заңды күшіне енді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды