Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай облысында полиция құны 20 млн теңгеден асатын мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Абай облысында синтетикалық есірткілерге байланысты ең ірі қылмыстардың бірі анықталып, жолы кесілді.
Семей қаласында полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат – мефедронды тәркіледі.
Бұл мөлшер шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады.
Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар – 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан. Алайда олардың әрекеті тоқтатылып, қазір олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген мәліметте.
Жеткізу арнасының жойылуы жүздеген адамды есірткіге тәуелділіктен және мүмкін болатын қайғылы оқиғалардан құтқарды. Ішкі істер органдары есірткі қылмысына қарсы күресті жаңа жылда да табандылықпен жалғастыратынын мәлімдеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді