23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАбай облысында азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Бұл туралы әкімдіктегілер мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Облыс орталығындағы «Северный» сауда-логистикалық орталығында бұл жолы Жаңасемей ауданының шаруалары өз өнімдерін саудалады.
Жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов аралап, сөредегі бағаларды қадағалады. Өнімдер нарық бағасынан әдеттегідей төмен бағада сатылды. Атап айтқанда, сиыр еті - 2500 тг, жылқы еті - 2500-2700 тг, картоп - 240 тг, қырыққабат - 140 тг, сәбіз 100 теңгеден саудаланды.
Облыс әкімінің орынбасары жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасатынын, тұтынушыларға сапалы әрі табиғи өнімдердің ешбір делдалсыз сатылатынын атап өтті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады