Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін, 22 қарашада Абай облысы Үржар ауылындағы мектеп аумағында қазандықта жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ақпаратынша, 22 қарашада Үржар ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығында жарылыс болды. Алдын ала деректер бойынша, апаттың себебі – жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі.
Жарылыс салдарынан қазандықтың шатыры 18 шаршы метр алаңда жарты бөлігі опырылды. Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 1970 жылғы жұмысшы 2-3-дәрежелі күйік алды. Зардап шеккен адам аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды, қазір жағдайы тұрақты. 943 оқушы мен 117 мұғалімнің білім беру процесі тоқтатылған жоқ. Резервтік қазандықтың арқасында мектеп ғимаратына жылу беріліп жатыр, - делінген хабарда.
Демалыс күндері жаңа қазандық орнату жоспарланған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары