Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысының Үржар ауданында майлы дақылдарды өңдейтін май зауытының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеке инвестор есебінен салынып жатқан нысанның құрылысы былтыр күзде басталған. Кеңсе ғимараты мен жұмысшыларға арналған жатақхана салынған. Қазіргі таңда май өңдеу блогының құрылысы жүргізілуде. Зауыт іске қосылғанда тәулігіне 500 тонна шикізат өңделмек. Жоба құны — 1,5 миллиард теңгені құрайды.
Облыс әкіміне ауданда жүзеге асыруды жоспарлап отырған инвестициялық жобалар да таныстырылған. Жеке инвесторлар «Үржар-Аягөз» тас жолының 92-ші шақырымында және Үржар ауылының шыға берісінде «Royal Petrol» жанармай құю, газ құю станциясы мен дүкен кешенін салуды жоспарлап отыр. Бүгінде ауданда 7 жанармай құю бекеті бар.
Облыс әкімі таныстырылған инвестициялық жобалардың аудан тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Үржар - тоғыз жолдың торабында орналасқан, облысымыздағы халық саны көп аудандардың бірі. Аудан орталығында 20 мыңға жуық халық тұрады. Әсіресе, жазда туристер көбейгенде жанармай тапшылығы байқалады. Бастамаларыңызды қолдаймын. Аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аудан үшін тиімді болары анық. Жаңа жұмыс орындары құрылады, қызмет көрсету сапасы да артады, - деді аймақ басшысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?