Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАбай облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысы ҚАЖ департаментінің № 20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді жасырын патрульдік бақылау барысында, мекеменің жедел бөлім қызметкерлері Р. Абишев, М. Секенов, Б.Рамазановтармен бірлесе 5511 Ұлттық гвардия 3 класстағы сержанты А. Сыдыковпен тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат Ч. ұсталды.
Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырмасына оратылған орама табылды. Орамадан қара түсті Nokia телефон, 1 қуаттандырғыш тоғы тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласы тұрғынының Ерема есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.
Сотталғандардың туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, – деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Кулатаев.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар