12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысында колледж студенттері арасында қазақ күресінен «Колледж барысы – 2024» облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты қолдау және студенттердің спортпен белсенді айналысуына ықпал ету. Спорттық дода жастарды шымырлыққа шыңдаумен қатар ұлттық құндылықтарға, өз мәдениетіне деген құрметін арттыруға бағытталған.
Турнирде облыстың 13 колледжінен 30 студент бағын сынады. Финалда 12 балуан 70, 90 және 90+ келі салмақ дәрежелерінде белдесті. І орынға 3 студент, ІІ орынға 3 студент, ІІІ орынға 5 студент ие болды. Сонымен қатар жарыс барысында ерекше көзге түскен балуандарға «Ең жас балуан», «Жеңіске деген құштарлығы үшін», «Техникалық әдістер көрсеткені үшін» арнайы номинациялары табыс етілді.
Айта кетейік, спорттық шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер