Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында кәсіпкерге кедергі келтірген әкімдік қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыс прокуратурасының актісі бойынша құны 6 млрд теңге болатын «Қағаздан және картоннан бұйымдар өндіру» жобасын іске асыратын «Қазполиграф» ЖШС проблемалық мәселесі шешілді.
Семей қаласының жер қатынастары бөлімінің «Казполиграф» ЖШС өтініші бойынша 5 ай бойы бюрократия құра отырып, аукцион өткізу және жер учаскесін берудің қажетті құжаттарын бекіту мәселесін созғаны анықталды. Өткізілген аукцион бойынша уәкілетті органның кінәсынан «Казполиграф» ЖШС жеңімпазымен шарт жасалмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана уәкілетті орган қайта аукцион өткізіп, «Казполиграф» ЖШС-мен шарт жасасып, жер учаскесін беру бойынша жұмысты бастады. Қадағалау актісі бойынша жер қатынастары бөлімінің кінәлі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?