Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАбай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қаладағы картоп сақтайтын қоймаларда болып, қор мөлшерін қадағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Семей ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры «Агрофирма Приречное» ЖШС - мен картоп, қырыққабат, сәбіз, сарымсақ сияқты көкеністермен сауда нүктелерін тұрақты қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалған.
Ережеге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен үстіміздегі жылдың мамырына дейін 10 супермаркет, тұрақтандыру қорының 9 сауда нүктесі мен 40-тан астам ұсақ дүкендерге келісі 115 теңгеден жолдануда.
Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, күн сайын қаланың барлық сауда нүктелеріне 12-15 тоннаға дейін көкөніс жеткізіледі. Қоймада қажетті қор жеткілікті.
Қазір қалада картоп бағасы 250-300 теңгенің арасында сатылуда. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға қоймадан көкөністің үздіксіз жеткізіліп, бағаның қымбаттауына жол бермеу керектігіне байланысты тапсырма берді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады