23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Абай облысының Бесқарағай ауданы орталығының Мұхтар Әуезов көшесінің бойында жаңа «Ғашықтар» саябағы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 440 шаршы метр жерге қоршау орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолына терек ағашы мен 10 көк шырша көшеті отырғызылды.
Алаңда көпір мен жүрек түріндегі шағын архитектуралық пішін, сәндік орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Сондай-ақ саябақ қуаты 150 Вт болатын 6 шаммен жарықтандырылған.
Жаңа «Ғашықтар» саябағының ашылуында жастар некесін қиды. Ал оларға жақында ғана «алтын тойын» тойлаған Жетіжар ауылының құрметті азаматтары ақ батасын берді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік