6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысында мал іздеуге кетіп, су деңгейінің көтерілуіне байланысты өз бетінше орала алмаған шопандар іздестірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 31 наурыз күні сағат 17:30-дан бастап Абай облысының Көкпекті ауданында 1985 және 1990 жылдары туған екі шопанды Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.
Құтқарушылардың қабылдаған шараларымен 39 жастағы ер адам «Тассай-Көкпекті» автожолының көпірінен табылды, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді. 33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді, - делінген мәліметте.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі