10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай облысының бір отбасын өрттен құтқарған полицей марапатқа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бородулиха ауданында полиция капитаны Ерасыл Сыдықовтың жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алынды. Оқиға 7 қазанда түнгі 01:15 шамасында болған. Табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы қызметінен кейін үйіне қайтып бара жатып, жекеменшік үйде өрт шыққанын байқайды. Бірден әрекет еткен ол терезені сындырып, үйге кірген. Дереу отбасы мүшелерін ұйқыдан оятып, қауіпсіз жерге шығарған.
Республика күніне арналған салтанатты шарада полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре ерлік көрсеткен полицейді батылдығы мен жанқиярлығы үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді