Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАбай облысы Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде бір күнде 26 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін аудан әкімі Алмас Тастенбеков тапсырды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда Жаңасемей ауданында 100-ден астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін бірқатар шаралар қолға алынуда. Солардың бірі – Шүлбі кентіндегі бұрынғы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жобасы. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беріледі.
Айта кетсек, 2023–2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бірнеше құрылыс жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мұқыр, Бөкенші ауылдары мен Шаған кентінде екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар