Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАбай облысында спорттың баскетбол түрі дамып келеді. Өңірде алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Alzhan» баскетбол лигасы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорттық додаға 5-6 сынып оқушылары арасында өтетін жарысқа қала, аудандардан 8 қыздар, 12 ұлдар командасы қатысуда.
Әкімдіктегілер «Alzhan» лигасын құрудағы мақсат жастарды спортпен шұғылдануға тарту, талантты спортшыларды анықтап, олардың ары қарай өсуіне жағдай жасау екенін атап өтті. Лига жас спортшылардың шыңдалып қана қоймай, сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуге көмектеседі.
Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Ұйымдастырушылар баскетбол облысымызда үлкен танымалдыққа ие болып келе жатқанын айтады.
Баскетбол - ойын ғана емес, балаларды көшбасшы, тату болуға тәрбиелейді. Біз жас спортшылардың дамуы үшін облысымызда баскетболды дамытуды жалғастыра береміз, -деді лиганың бас төрешісі Рафаэль Мурсалимов.
Еске салсақ, осыдан бір жыл бұрын облыста баскетбол федерациясы құрылды. Баскетбол инфрақұрылымы дамуда. Оқушылар мен студенттердің баскетбол үйірмесіне тегін қатысуына жол ашылды. Ойын алаңдары ашылып, түрлі жарыстар жиі өткізіліп тұрады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары