23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАбай облысының Бесқарағай ауданына қарасты Малая Владимировка ауылында жас спортшылар үшін күрес залы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт нысанының жалпы ауданы 140 шаршы метрді құрайды. Заманауи залдың барлық қажетті жабдықтармен жабдықталғаны айтылды. Спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, сондай-ақ ауыз су жүйесі шешімін тапқан.
Ашылу салтанатында ауылын спортының дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалардың еңбегі атап өтілді. Олардың қатарында елміздің қазақ күресінен спорт шеберлері Тоғайбек Кирибаев, Құмар Мұқашев, Есенгелді Изатов және Амантай Қазымов бар.
Жаңа зал ауыл жастары арасында спортты насихаттау мен болашақ чемпиондарды дайындауға өзіндік үлесін қосады деп күтіліп отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады