Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында әйелдің сөмкесінен есірткі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысында Семей қаласының 30 жастағы тұрғынынан тәркіленген ерекше "жинақ" заңсыз психотроптық заттардың айналымына қатысты ірі қылмысты тоқтатуға мүмкіндік берді. Жедел шаралар барысында полиция қызметкерлері жалға алынған пәтерлердің бірінде тінту жүргізді. Асүй бөлмесінде тұрмыстық қоқыстың арасынан ақ түсті ұнтақ зат қалдықтары бар пакет табылды. Қонақ бөлмесінде әйелдің еденде жатқан сөмкесінен есірткі косметикалық сөмке, таразы, қасық, бұрағыш, бос zip-lock пакеттері, қайшы мен қара оқшаулаушы лента табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат мефедрон-психотропты заты, меткатинонның (эфедронның) аналогы болып шықты. Заттың жалпы салмағы 383,65 граммды құрайды. Күдікті әйел психотроптық затты сақтау және үлкен көлемде таратуға қатысы бар екенін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?