28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБиыл Абай облысындағы Ақсуат ауданындағы шаруа қожалықтарына лизинг арқылы жаңа техникалар сатып алынады. Ауданға 60 трактор, 60 қосалқы агрегат алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның облыстық филиалы лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алуға құжат қабылдауды бастағанын атап өтті. Қазір Құмкөл, Кіндікті және Қызылкесік ауылының 5 шаруа қожалығы бір трактордан сатып алу үшін құжат тапсырған.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар - ақпан айында Ақсуат ауданы бойынша лизинг арқылы «Беларус» маркалы төрт техника алынды. Бір шаруа өз қаражаты есебінен YTO-904 тракторына қол жеткізген. Сондай-ақ кәсіпкерлер 59 миллион теңгеге 5 жаңа трактор, 9 миллион теңгеге 3 қосалқы агрегат әкелген.
Айта кетейік, Ақсуат ауданы 2023 жылы лизинг арқылы 27 ауыл шаруашылығы техникасын, 2024 жылы 46 трактор сатып алған болатын.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?