22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыIT саласындағы үздік инновациялық жобалар мен цифрлық технологиялар таныстырылатын оқушылар мен студенттер арасында «Steam fest «Digital Abai» облыстық IT-фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, оқушылар, студенттер мен педагогтердің үздік IT-шешімдерін анықтау, қолдау және тарату, жаңа инновациялық технологияларды ұсыну, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға Астанадағы CEO Yessen&Co өкілі Азат Есенов, «Нейрондық желілер орталығының» Promt-engineer Даниал Темирханов, Алматыдағы Developer Relations Coordinator for Google Developers (GDG CentralAsia) өкілі Аскар Айтуов, Үндістандағы жасанды интеллектке негізделген техникалық өнім Asambhav менеджері Shreya Mehta, Семей қаласындағы Freedom Broker компаниясының өңірлік директоры Абзал Аскаров, Abai IT-Valley технологиялық класстерінің директоры Бауыржан Наурызбаев, «Өнер» 3d баспа студиясының жетекшісі Анет Турсынжан, «DR.Web - Орталық Азия» техникалық директоры Артур Шишига шақырылды.
Жиынды Абай облысы әкімдігі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев құттықтау сөзімен ашты.
Бүгінгі IT-фестиваль облыста білім беруді цифрландыруды дамытуға құнды үлес қосатынына және ІТ бағыттың танымалдығының өсуіне ықпал ететініне сенімдімін, - деді аппарат басшысы.
«Startup жобалар» бағыты бойынша облыс әкімі грантына үміткер 13 қатысушы жобалары ұсынылды. Фестивальда 8 сектор бойынша 90-ға жуық Startup жобалар таныстырылды.
Фестиваль аясында 20 қатысушы 1-орын, 19 қатысушы 2-орын, 18 қатысушы 3-орын иеленсе, Арнайы кубокты Семей қаласы, Жарма, Үржар аудандары командалары жеңіп алды.
Айта кетейік, алғаш ұйымдастырылған «Digital Abai» IT-фестиваліне облыс бойынша 2000-ға жуық қатысушы жиналды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев