7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Абай облысында алғаш рет дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында «Abay Open» турнирі өтті. Екі күнге созылған сайысқа еліміздің үш қаласы мен барлық облыстарынан 350-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорттық додада республиканың әр аймағынан іріктелген балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.
Аймақ басшысы құттықтау сөзінде спортшыларға сәттілік тілеп, дзюдо күресін жастар арасында дамытудың маңызын атап өтті.
Өңірімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келеді. Аймақ спортшылары Қазақстан чемпионатында топ жарып, Азия және ел чемпионатында ел намысын абыроймен қорғауда. 2025 жылы Қазақстан чемпионатының Семей қаласында өтетінін зор қуанышпен атап өткім келеді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Біздің мақсатымыз — дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткізіп, еліміздің үздік дзюдошыларына әділ әрі тартысты жарыс ұйымдастыру,- деді облыс әкімі.
Шара барысында елімізде дзюдоның дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Айдар Қайырбаев пен Виталий Сопов «Дзюдо тарланы» төсбелгісі және Қазақстан дзюдо федерациясының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімі турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
Айта кетсек, облыс дюздошылары соңғы жылдары табысты өнер көрсетіп жүр. Биыл Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы екі алтын, үш күміс, екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?