Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыАбай облысы Мақаншы ауданындағы «Дарабоз» жазғы сауықтыру-демалыс лагері балалардың алғашқы легін қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Лагерь жұмысы 6 маусым бойынша (әр маусым – 10 күн) жүргізіледі. Әр кезеңде 120 бала қабылданып, жаз бойы 720 оқушының демалысы ұйымдастырылады.
«Дарабоз» лагері 10–14 жас аралығындағы 5–8 сынып оқушыларына арналған. Балалар жергілікті бюджет және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен демалады.
Балалардың демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз өткізу үшін лагерьде 10 педагог қызметкер жұмыс істейді. Олардың қатарында аға тәлімгер, тәрбиешілер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жүзуден нұсқаушы және медбике бар. Мамандар балалардың күн тәртібін, ойын-сауық және тәрбиелік бағдарламаларын кәсіби деңгейде ұйымдастырып, қауіпсіздігін қадағалайды.
Лагерьде күн сайын арнайы жоспармен іс-шаралар өтеді. Бағдарламада таңғы жаттығу, суға жүзу, спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер мен клубтар (би, қолөнер, спорт, ақындар үйірмесі), экскурсиялар, зияткерлік ойындар, би кештері, тақырыптық күндер мен апталық мазмұнды шаралар қамтылған.
Лагерь аумағы мен ғимараттары санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді. Аумақта бейнебақылау орнатылып, медициналық пункт, таза ауыз су, дезинфекциялық шаралар толық қамтылған.
«Дарабоз» – балалар үшін қауіпсіз ортада денсаулығын нығайтып, қызықты әрі пайдалы демалыс өткізудің мүмкіндігі.
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?