Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАбай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысанда болды. Аймақ басшысы көктемгі су тасқынына дайындық барысын бақылап, жылу қазандығының жұмысымен танысты. Өңірде 45 елдімекенді су басу қаупі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, былтыр көктемде Аягөз өзені ернеуінен асып, бірнеше ауланы су басқан болатын. Өткен жылы қауіптің алдын алу үшін өзен жағалауын бекіту жұмысы жүргізілді.
Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс басшысы аудандағы жұмыс сапарын өзендегі су деңгейін қадағалаудан бастап, жергілікті атқарушы билікке үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.
Су басу қаупі бар облыстардың қатарында тұрмыз. Сондықтан тасқынға дайындық жұмысын күшейту қажет. Аягөз өзенінің арнасын кеңейту мәселесін ойластырыңыздар. Тиісті ұсыныс беріңіздер,- деді өңір басшысы.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өңірдегі 45 елдімекенді су басу қаупі бар. Бұл аймақтарда төрт мыңға жуық халық тұрады. Қазіргі таңда әсіресе Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті аудандарындағы 20 ауылда қауіп сақталуда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар