Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында жылдық қуаттылығы 180 мың тонна астық өңдейтін 7 лицензияланған кәсіпорын бар. Бүгінде бұл кәсіпорындар 45 830 тонна астықты өңдеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері лицензиясы бар элеваторлар, астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындары арқылы бидай импортының жалпы көлемі 17 691 тоннаны құрады.
Сондай-ақ шетелдік кәсіпорындармен 4 000 тонна бидай жеткізу туралы келісім жасалған. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның бағасын тұрақтандыру аясында 1 656 тонна азық-түлік астығы бөлінді.
Айта кетсек, ҚР сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес ел аумағына бидайды автомобиль және теміржол арқылы алып келуге тыйым салу мерзімі 6 айға ұзартылған. Сондай-ақ лицензиясы бар элеваторларға, астық өңдеу кәсіпорындарына және құс фабрикаларына бидай импортын қоспағанда, Қазақстанға үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен теміржолмен бидай импорттауға тыйым салынды.
Осыған байланысты тұтынушылар бидайды жоғарыда аталған арнайы лицензиясы бар кәсіпорындар арқылы ала алады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?