Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАбай облысында құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17 шілде күні 07:14 шамасында Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жалын шарпыған аймақ - 3 000 гектар.
Қазіргі уақытта сөндіру жұмысы жерүсті әдісімен жүзеге асып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Тілсіз жаумен күреске жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күш-құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні «101» пультіне Семей қаласынан 75 км жерде Көкентау ауылдық округінде таулы жерде құрғақ шөптен өрт шыққаны туралы хабар түскен болатын.
Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?