Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАбай облысы әкімінің орынбасары болып Димитрий Гариков тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.
Димитрий Александрович Гариков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Семей құрылыс техникумын, 2000 жылы Д. Серікбаева атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.
Бородулиха ауданы Бородулиха ауылының «Тұрмыс қызметі» АҚ-да от жағушы; Бородулиха МАЗС-да оператор болды.
Кейін Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы; Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылында жанар-жағармай құю бекетінің меңгерушісі; «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы; Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; «ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы; Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары; «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарды.
Бұдан бөлек, Семей қаласы әкімінің орынбасары; Курчатов қаласының әкімі; Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; ШҚО «мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы; Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік