Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында «ХХІ ғасырдағы Абайтану пәнін оқыту: ұлттық болмыс, рухани негіз, жаһандық дағды» атты республикалық семинар өтті.
Іс-шара Абай күніне орай ұйымдастырылып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, жоғары оқу орындарының абайтанушы ғалымдары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының тренерлері, желілік Абай мектептерінің педагогтері және еліміздің әр өңірінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін бір алаңда тоғыстырды.
Семинар Абай шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын талдау, көркемсөздің танымдық, тағылымдық және эстетикалық маңызын айқындау, сондай-ақ білім алушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың заманауи әдістерін саралау мақсатында ұйымдастырылды.
Республикалық семинар ғылыми-тәжірибелік бағытта жалғасын тапты. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің өкілі Гүлсила Орынбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушылар бірқатар тақырыптарда ғылыми баяндамаларын оқыды.
Шара аясында қатысушылар ұлы ақынның шығармаларын әр қырынан қарастырып, туындыларындағы терең философиялық ой мен ұлттық дүниетанымды білім беру үдерісінде тиімді пайдаланудың жолдарын талқылады. Сонымен қатар, семинарда заманауи педагогикалық технологиялар, интерактивті әдістер және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушы қызығушылығын арттыру, әдебиетті меңгертудің инновациялық тәсілдері кеңінен қарастырылды. Мұндай мазмұнды басқосулар ұстаздар қауымының кәсіби шеберлігін шыңдап, Абай мұрасын жас ұрпаққа заманауи талаптарға сай жеткізудің маңызын айқындай түседі.
Аталған семинар Абай мұрасын ХХІ ғасырдың білім беру кеңістігінде тиімді оқыту, ұлттық рухани құндылықтарды заманауи әдістермен ұштастыру бағытында маңызды пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар аталған семинардың болашақтағы білім беру ісіне тың серпін беретінін атап өтті. Бұл шара олардың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды құралына айналды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді