Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада бүгін көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 30 қараша күні ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ күтілетінін мәлім етті.
Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.
Елордалық құтқарушылар қала тұрғындарынан далада жүргенде сақ болуды, төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды. Әсіресе көшеден өтер кезде өте мұқият болуға, сондай-ақ мектеп оқушыларын көктайғақ кезінде сақтық ережелерін сақтауға шақырады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді