2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрІшкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасап, қолайсыз ауа райы жағдайында жол жүруде абай болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райы нашарлаған сайын жолдағы әрбір қадамыңыз қауіпті. Көктайғақ, боран, қар немесе тұман кезінде жолға шықсаңыз, сапарыңыз сынаққа айналуы мүмкін. Сондықтан ондай жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Өзіңіздің және өзгелердің өмірін қатерге тікпес бұрын күн райының қалыпқа келгенін күтіңіз. Ал егер ондай жағдайда жолда қалып қойсаңыз: жылдамдықты азайтыңыз, қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз, жылдам жүріс пен басып озудан аулақ болыңыз, мүмкіндігінше жақын елдімекенге немесе қауіпсіз жерге тоқтаңыз. Жол қызметтері, сондай-ақ полиция және құтқару бөлімшелері жолда тәулік бойы жұмыс істейді. Олардың міндеті – сізге көмектесу. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу көмекке жүгініңіз. Біз ауа райы жағдайына байланысты шектеулер мен қағидаларды бұзғандарға ерекше назар аударамыз. Мұндай әрекеттер тәртіп бұзушылардың өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Сіздің жолдағы қырағылығыңыз бен жауапкершілігіңіз – үйіңізге аман-есен оралуыңыздың кепілі. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова