30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Петр Чайковскийдің мерейтойына арналған Гала-концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Театр сахнасында композитор туындыларын операның жетекші солистері, симфониялық оркестр мен хор сүйемелімен шырқады. Осы кеште көрермен «Пиковая дама», «Евгений Онегин», «Иоланта», «Чародейка» операларынан ариялар, көріністер мен дуэттер, «Москва» кантатасындағы жауынгердің ариозосын және балет классикасынан үзінділер тыңдады. Кешті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов дирижерлік етті.
Концертке Қазақстанның халық әртісі Жәмилә Баспақова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Даурбаева, Дина Хамзина, Олег Татамиров, театрдың жетекші опера солистері, симфониялық оркестр мен хор қатысты.
2025 жылы көрнекті композитор, педагог, дирижер Петр Чайковскийдің туғанына 185 жыл толады. Ол көзі тірісінде-ақ әлемдегі ең танымал әрі көршіліктің ықыласына бөленген композиторға айналды. Әлемдік музыка тарихында Чайковскийдің есімі он опера, үш балет, жеті симфония, камералық және шіркеу музыкасы, романс, концерттер мен сюиттердің авторы ретінде мәңгілікке қалады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды