Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіАбай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығында:
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;
3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – «Жүрегім нені сезесің?» концерті үшін;
4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;
5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;
6) Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;
7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы