Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері бағыттары бойынша Мемлекеттік сыйлықтың екінші кезеңіне өткен 10 жұмысты қарады.
Конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалар қоғамда кеңінен талқыланды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Комиссия мүшелеріне талқылау қорытындысын баяндады.
Комиссия жасырын дауыс беру арқылы Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады.
Биыл Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік