Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркияның «Адана Демирспор» клубында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов биылғы маусымдағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адана Демирспор» Түркия Суперлигасының 15-турында «Гёзтепе» командасына қонаққа барған. Матч 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. «Гёзтепе» сапынан Жуан Сантос (39-минутта), Ромуло (42-минутта) және Давид Тиянич (60-минутта) мергендік танытты. «Адана Демирспордан» жалғыз голды Абат Айымбетов (88-минутта) салды.
Отандасымыз алаңға 57-минутта шыққан. Абат осыған дейін мамыр айында «Антальяспор» қақпасын дәл көздеген еді. Бұл жолғы голы осы маусымдағы алғашқысы болып тұр.
Осы жеңістің арқасында «Гёзтепе» 24 ұпаймен төртінші орынға көтерілді. Бұл команда «Астана» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Станимир Стоилов жаттықтырады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар