Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыЕлордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Қабанбай батыр даңғылы бойындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты осы жылдың 8 қазанында Қабанбай батыр даңғылы бойынша халықаралық әуежайдан Арнасай көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс туғызбау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыКеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?