Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
«Ақ жол» демократиялық партиясы президент сайлауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Партияның кезектен тыс ХІХ съезінде президент сайлауына қатысуға жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов ниет білдірген еді.
Сонымен бірге партия мүшелері қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кандидатурасын қолдауды ұсынған.
Жасырын дауыс беру үшін 126 бюллетень қолданылды. Бірінші үміткер журналист Сандуғаш Дүйсенова 11 дауыс жинап, 6 пайызды иеленсе, депутат Серік Ерубаев 23 дауыспен 19 пайызға ие болды.
Ал партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов 17 дауыспен 13,7 пайыз алса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатруасын 74 адам – қатысушылардың 64,1 пайызы қолдаған.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік