Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтауда Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдік есірткі-диллерлер тобын анықтап, Өзбекстан Республикасының азаматтарын қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz.
– Тінту барысында жалпы салмағы 740 грамм “мефедрон" синтетикалық есірткі заты 221 орамаға бөліп салған жерінен табылды. Күдіктілердің бірінің жұмыс орнынан 200 грамм "мефедрон" және жалпы салмағы 10 грамм "Марк" есірткі заты бар 20 орама табылды. Барлық дәлелді заттар тәркіленді”, – делінген Маңғыстау облыстық ПД таратқан хабарламада.
Аталған қылмыстық топ Ақтау қаласының аумағына есірткінің әр граммын 50 мың теңгеге саудалап отырған. Төлемдерді интернет-әмиян желісі арқылы жасатқаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктілер Маңғыстау облыстық ПД тергеу изоляторына қамалды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс