Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары
Маңғыстау облысының «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі «МартАрт» студиясымен бірлесе отырып «Біз бейбітшілік пен достықта өмір сүреміз» тақырыбында шығармашылық көрме өткізді.
«МартАрт» студиясының оқушылары корей ұлттық сарынын, сондай-ақ Ұлы даланың жеті қырын бейнелейтін туындыларды жұртшылық назарына ұсынды.
Тақырыптық көрмеде 4-14 жасқа аралығындағы жас суретшілердің 80-нен астам туындылары ұсынылды.
Кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Раиса Маденова қатысушыларға алғысын білдіріп, «МартАрт» студиясының директоры Марта Куталиеваның жасөспірімдерді тәрбиелеу жолындағы толағай жетістіктерін атап өтті.
Барлық қатысушылар «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің алғыс хаттары мен сыйлықтарымен марапатталды.
Концерттік бағдарламада Маңғыстау облысының ҚХА өнер шеберлерінің орындауында достық, бейбітшілік туралы әндер молынан шырқалды.
Тақырыптық көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылы аясында, сондай-ақ 31 мамырда елімізде атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ұйымдастырылды.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады