23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтауда облыстық кітапхана ғимаратында белгілі украин халқының ақыны Тарас Шевченконың 205 жылдығына орай музыкалық-поэтикалық кеш өтті.
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бұл кеште балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары орыс және қазақ тілдерінде ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Оқушылар ақын өмірбаянының негізгі кезеңдерімен, соның ішінде Маңғыстау өңіріне жер аударылған жылдардағы өмірімен және ақын шығармашылығының маңыздылығымен танысты.
Сонымен қатар, «Червона калина» мен «Смеричка» шығармашылық ұжымдары Т. Шевченконың сөзіне жазылған әндерін орындады.
Ақынның есімін ұлықтауға арналған аталмыш шарадан бөлек, ол жер аударылған Түпқараған ауданының 12 балабақша арасында байқау ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Ақтауда Т. Шевченко ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сол күні «Казахские народные мотивы в творчестве Т. Шевченко» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Ал мәдениет үйінде жалғасқан мерекелік кеште шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік