Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАқтауда полиция көлігінің қатысуымен болған жол апатынан 5 адам жарақат алды. Оның үшеуі – тәртіп сақшысы, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
«Газель» маркалы қызметтік көліктің көше қиылысында қозғалған сәтінде сол жағынан жеңіл машина шыққаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Арнайы жарықпен белгі беру құралы қосылған полиция көлігі түнгі сағат 2 шамасында шақыртуға бара жатқан екен. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай жолдан өтпек болған.
Апат кезінде соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.
Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қызметтік автокөлік жүргізушісіне ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды - дейді ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Әйгерім Ибадуллаева.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік