29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстау облыстық тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Тілдер мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.
Оған «31 арна» телеарнасының журналисі, «Айта берсін» бағдарламасының авторы және жүргізушісі Анна Данченко және жеке кәсіпкер Орхан Салахов қатысты.
Кездесу қонақтары мемлекеттік тілдің қоғамда алатын маңызды рөлі төңірегінде ой өрбітіп, кездесуге келген жастармен қазақ тілінде емін-еркін сөйлесіп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді.
Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсем Әшірова қонақтарға Маңғыстау облысы әкімінің атынан Алғыс хат табыстады. Кездесу соңында меймандар мен жастар бірлесіп естелікке суретке түсті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек