13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАвтокөлік иелері Ақтау қаласында дизель отынына тапшылық қиындық туғызғанын айтады. Қала аумағында сұйық отын сатылымына шектеу қойылып, бір жүргізушіге 20 литрден артық берілмей тұр, деп хабарлайды El.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Амалы таусылған көлік жүргізушілері таңнан бастап жанар-жағар май бекеттерін торауылдап, кезекте тұруға мәжбүр.
«Бүгін бізге дизель отынының қоры тек 4 күнге ғана жететіндігін хабарлады. Қалған уақытта қайтеміз? Табысымыз осы көлікке баланысты болып тұр. Мәселенің тезірек шешілгенін қалаймыз»,- дейді көлік жүргізушісі Нұрбек Қуанышбекұлы.
Маңғыстау облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы өкілдерінің айтуынша, дизель отынымен қамтудағы шиеленіс егін жинау науқанының басталуымен байланысты. Жыл сайын республика бойынша дизель отынына тапшылық туындайды. Бірінші кезекте отынның мол көлемі ауыл шаруашылығы техникасына май құю үшін жұмсалады, сондай-ақ транзиттік көлік қозғалысы үшін қолданылады.
Маңғыстауға дизель отыны Атырау мұнай өңдеу зауытынан келеді. Өңірде айлық тұтыну көлемі шамамен 18 мың тоннаны құрайды. Қазір дизелдің 2,5 мың тонна қоры бар.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды