23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтауда Маңғыстау облысы дүнген этномәдениеті орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Қазақстанда тұрып жатқан елу алты мыңнан астам дүнгендер халқының 100-ден астамы Маңғыстау облысында тұрады. Облысымыздағы дүнген диаспорасы үшін бұл мерекенің мәні зор. Бұл айтулы күні қолдау көрсетіп, бізбен бірге тойлауға келген достарымызбен қуанышымызды бөлісіп отырмыз. Дүнген халқы Тәуелсіз Қазақстанда достық қарым-қатынаста тұрып жатқан, бірлігі жарасқан үлкен отбасының бір мүшесі. Бұл этностың өкілдері еліміздің өсуіне, экономиканың дамуына барынша үлестерін қосып келеді. Қазіргі заман дүнгендері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін сақтай отырып, қазақ халқының және өзге де ұлттың дәстүрлерін бойларына сіңіріп келеді», - деді Маңғыстау облыстық дүнген этномәдениеті орталығының төрайымы Роза Ибрагимова.
«Қоғамдық келісім» ҚХА жаңа ғимаратының үлкен кең залында көптеген шығармашыл студенттер мерекелік концерт ұйымдастырды. Олар қазақ және дүнген халықтарының мәдениетімен таныстыратын ұлттық билерді және басқа да мерекелік нөмірлерді көрермендер назарына ұсынды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік