Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Ақтауда аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе заманымыздың заңғар тұлғасы, жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырды.
Оған қатысқан этнос өкілдері қазақтың тарихында ерекше орны бар дара тұлға, халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы, ақынның қайталанбас туындыларымен танысты.
Іс-шара барысында кітапханашы Асия Досқалиева кешке қатыушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріп, Әбіш ағаның көзі тірісінде басып шығарылған кітаптарымен таныстырды.
Әбіш Кекілбаевтың немересі Елдар Әбіш пен ұстазы Тамара Степанова әйгілі жазушының туған күніне орай дайындаған бейнефильмді көрермендер назарына ұсынды.
«Әбіш Кекілбаев мықты ақын да болған. Ол В.Шекспирдің, А.Чеховтың, тағы басқа ақындардың шығармаларын қазақшаға аударған дара тұлға. Қысқаша айтқанда бүгінгі шарада абыз Әбіш туралы көптеген тың мағлұматтар алдым. Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға үлкен рахметімді айтамын», дейді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестінің төрағасы Руслан Баматгереев.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды