30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМаңғыстау облысы полиция департаменті бастығының ұсынымына сәйкес ҚР ІІМ-нің бұйрығымен полиция полковнигі Мұханбетқали Нұрсұлтан Мұханбетқалиұлы Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz
Нұрсұлтан Мұханбетқали 1979 жылы Маңғыстау облысының Ералы ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2001 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Ішкі істер органдарында 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарып келеді.
2007-2014 жылдары – Ақтау қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлімше бастығы, 2014-2017 жылдары – Қарақия ауданы ІІБ бастығы, 2017-2018 жылдары – Бейнеу ауданы ІІБ бастығы, 2020-2022 жылдары – Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды