29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТалдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген облыстық әкімдік ғимаратын қалыпқа келтіруге 4 млрд 758 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық құрылыс басқармасының ҚазАқпарат тілшісіне берген мәліметінше, жөндеу жұмыстары толықтай 30 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Ал бұл мекеменің жалпы аумағы - 9 793,9 шаршы метр, 6 қабаттан тұрады.
Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген екінші мекеме - қалалық полиция басқармасының ғимараты. Мұнда да жөндеу жұмыстары мекеменің іші-сыртында жүргізіліп жатыр. Ішкі жұмыстар аяқталуға жақын қалған. Ғимараттың қабырғалары сыланып, жаңадан есіктер қойылған. Ал жөндеу жұмыстарына 795 млн теңге бөлінген. Бұл ғимарат келісім-шарт бойынша 30 тамызда толықтай жөнделіп, бітуі керек.
Сонымен қатар, шаһарда бүлікшілер қиратқан үшінші ғимарат - «Аманат» партиясының облыстық филиалының кеңсесі.
Бұл кеңсенің үшінші қабаты өртеніп, есік-терезелері сынып, жиһаздары бүлінген. Оны қалыпқа келтіру үшін демеушілердің есебінен 219 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарының 85 пайызы аяқталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек