Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыҚазақстан президентінің жарлығымен өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны, сондай-ақ қалада заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Әуезов аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Ғазиз Нұрғалымов 2-дәрежелі "Айбын" медалімен марапатталды.
Тәртіп сақшысына мемлекеттік сыйлықты Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров табыс етті.
– Біріншіден, лайықты ұл тәрбиелегені үшін Ғазиздің ата-анасына барша ұжым атынан алғыс айтамын. Мен бүгін ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен мемлекеттік сыйлықты табыстау үшін арнайы миссиямен келдім. Ғазиздің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз алдағы уақытта да қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз, — деді Алматы полициясының басшысы.
Еске сала кетейік, аға лейтенант Нұрғалымов биыл қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді басу кезінде ауыр жарақат алған болатын. Ғазиздің екі бүйрегі де істен шыққан. Қазір гемодиализден өтіп, ота жасатуға дайындалып жатыр.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?