Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қаңтар оқиғасында адамдардың өліміне қатысты күштік құрылымдардың 15 қызметкері күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты,– деп хабарлайды El.kz.
«Құқық қорғау қызметкерлерінің рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдануы салдарынан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға күдікті 6 адам қаза болғаны тергеу барысында анықталды. Бұл фактілердің барлығы арнайы прокурорлармен жан-жақты тергеліп жатыр, күштік құрылымдардың 15 қызметкері күдікті ретінде танылды. Оларға түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды», - деді Е.Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның айтуынша, Талдықорған қаласындағы блокпостарда және әскери бөлімнің жанында, сондай-ақ Алматы қаласындағы алаңда жекелеген азаматтар қаза болды. Олардың өліміне бірқатар әскери қызметшінің өз өкілеттіктерін асыра пайдалануы себеп болған. Күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
«Жоғарыда атап өткенімдей, бұл процестің қиындығын және тергеудің ауқымдылығын ескере отырып, қалған адамдардың қаза болу мән-жайлары және олардың өліміне кінәлі адамдарды анықтау тергеп-тексерулердің аясында белгілі болады», - деді Елдос Қилымжанов.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс