13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚаңтар оқиғасына қатысты 834 адам сотталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, – деп хабарлайды El.kz.
«Жалпы еліміз бойынша тергеу органдары 5 300-ден астам қылмыстық істі тіркеді. Олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар. Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті қамауға алынды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның айтуынша, жеке басын, денсаулық жағдайын сипаттайтын материалдарды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.
«955 күдікті адам ісі сотқа беріліп, түрлі жазаларға 834 адам сотталды. Оның ішінде 636 адамға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза кесілді», - деді Елдос Қилымжанов.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды